СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары ауысты

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде кадрлық өзгеріс болды. Зейнетке шыққан бастықтың бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың орнына Қарағанды облысынан полиция полковнигі келді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы 29-шы мамыр күні полиция полковнигі Қанат Айтбаевты құрметті демалысқа шығарып салған болатын. Ол 1992 жылы ішкі істер органдарына қатардағы милиция қызметкері ретінде орналасқан.

«Қанат Айтбаев учаскелік полиция инспекторы, жедел уәкіл болып қызмет атқарды, криминалдық полиция бөліміне жетекшілік етті. 2016 жылдың 1 қаңтарында құрылған облыстық жергілікті полиция қызметін басқарды. Құрмет демалысына СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары лауазымында  шығып отыр», — делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсінған ақпаратта.

Енді Қанат Айтбаевтың орнына облыстық  полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Құрманғали Ысмағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Қарағанды облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы 6637 әскери бөліміне жаңа басшы келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x