СҚО-дағы жалғыз балалар ауруханасына - 40 жыл

Биыл облыстағы жалғыз балалар аууханасының ашылғанына 40 жыл толып отыр. Осыған орай медициналық мекеме қабырғасында салтанатта шара өтті. Бүгінгі таңда көпсалалы облыстық балалар ауруханасында тәулік бойы 12 бөлімше жұмыс істейді. Онда 370 жатын орын бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

40 жыл бұрын ашылған балалар ауруханасында 600 медициналық қызметкер бар. Мұндағы күндізгі стационар 30 орынға шақталған. Ал амбулаториялық оңалтуда бір ауысымда 125 бала ем ала алады.

«Клиникалық-диагностикалық орталықта Солтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген балаларға амбулаториялық қабылдауды жүзеге асыратын 31 тар бейінді маман бар. Бас корпустың қабылдау бөлмесі күн сайын орта есеппен 105, ал инфекциялық корпустың қабылдау бөлмесі тәулігіне орта есеппен 35 науқасты қабылдайды. Стационар базасында урологиялық бөлімше жұмыс істейді, онда несеп ағар, қуық, бүйрек жамбасы деңгейінде операциялар жүргізіледі. Туа біткен гидронефроз және везикоуретральды-бүйрек рефлюкс проблемаларын жояды, заманауи препараттар мен емдеу әдістерін қолдана отырып, бейнецистоуретроскопия және эндоскопиялық түзету жүргізеді», – деді аурухананың мүмкіндіктері туралы баяндаған бас дәрігер Нұрлан Айманов.

Өткен жылы ауруханаға балаларға эндоскопиялық ринохирургия жүргізуге мүмкіндік беретін ЛОР-стенд сатып алынды. Бұл операциялар бұрын тек Алматы және Астана қалаларының клиникаларында ғана жасалып келген.

Медициналық ұйымда компьютерлік томография зерттеуін жасауға болады. Онда соңғы 1,5 жылда 5 мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. Стационарда 2023 жылдан бастап МРТ зерттеу кабинеті толық жұмыс істейді. Онда 1273 зерттеу жүргізілді.

«Жыл сайын 14 000 аса бала облыстағы жалғыз балалар ауруханасында емделеді. Бір жыл ішінде шамамен 78 000 бала медициналық кеңес алады. Соңғы жылдары ауруханаға 32 жас маман келді. Олардың ішінде балалар неврологы, гинекологы, инфекционист, пульмонолог, онкогематолог, ортопед сынды сұранысқа ие дәрігерлер бар. Биыл аурухана базасында  симуляциялық орталық ашу жоспарлануда. Онда барлық қызметкерлер тәулік бойы шұғыл көмек көрсетуде өздерінің жеке дағдыларын үйрене алады», – деп атап өтті СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов.

Аурухананың мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға денсаулық сақтау саласының және аталмыш мекеменің ардагерлері, бұрынғы басшылары қатысты.

 

Мерекелік шара барысында қонақтар өз тілектерін жазып, оны уақыт капсуласына салды. Ол медициналық мекеме ашылған кезде аулаға егілген екі теректің ортасына көмілді. Құты 2033 жылдың 20-сыншы қыркүйегінде ашылып, оқылады деп келісілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда алты тілді жетік меңгерген полиглот әйел тұрады

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x