Солтүстікқазақстандық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан елге оралды. Балуанды жерлестері қарсы алып, аудан әкімі бір млн теңге табыстады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ризабек Айтмұхан Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. Жерлесіміз былтыр Белградта өткен әлем чемпионатында топ жарды. Ал биыл Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионы атанған. Жуырда Ризабек өзінің мықты спортшы екендігін тағы бір дәлелдеді.
«Ризабек Албанияның Тирана қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Балуан 97 келіге дейінгі салмақта финалда ирандық балуанды жеңіп шықты», — деді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сағитов.
Балуанды жеңісімен құттықтаған аудан әкімі оған бір млн теңгенің сертификатын табыс етті.
Тағы оқыңыз: СҚО-ны көгалдандыру мәселесі экология министрінің бақылауында болмақ