«Астана – Петропавл» тас жолында жол апаты болды. Трасса бойында Audi 100 және Kia Sorento автокөліктері соқтығысып, бір адам көз жұмды, жазады Qazaqstan Media.
Жол апаты мамырдың бірінен екісіне қараған түні болды. Audi 100 және Kia Sorentо көліктері республикалық маңызы бар жолда соғылған. Салдарынан Audi жеңіл көлігінің жүргізушісі көз жұмды. Ал Kia Sorento көлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
«Науқас аудандық ауруханада ем қабылдап жатыр. Денсаулығы «орташа» деп бағалануда. Бас-ми жарақатын алған»,- деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы тоқтатылады