СҚО-да жаңа орылған бидайды сақтайтын жер жоқ

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары орақ науқаны кезінде бірнеше мәселеге тап болған. Бүгіндері элеваторлардың кейбірінде былтырғы астық әлі жатыр. Сондықтан жаңа орылған бидайды сақтайтын жер жоқ. Проблеманы облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин көтерді, деп жазады Qazaqstan Media.

Серік Жұманғарин өңір диқандарымен Тайынша ауданындағы «Астық STEM» ЖШС егіс алқабында кездесті. Олар ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен оны ұлғайту жоспарларын талқылады. Сонымен қатар биылғы астықты сақтау мәселесі сөз болды.

«Қазір біз жаңа өнімді сақтау мәселелерін жүйелі түрде шешіп жатырмыз. Былтырғы өнім сақталып қалған элеваторларда кезек мәселесі бар. Азық-түлік корпорациясы соңғы 2 айға толмайтын уақытта экспортқа және оңтүстік өңірлерге 1 млн тоннадан астам астық жөнелтті, алдағы 2 аптада тағы 200 мың тонна экспортталады. Сонымен қатар біз жедел түрде тұрып қалған бес элеваторды іске қосуды жоспарлап отырмыз, оның бірі СҚО-да. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті ол.

Шаруалар биыл егіннің бітік шыққанын айтып отыр. Тіпті, кейбір шаруалар әр гектардан 30 центнер өнім алуды көздейді. 

«Біз гектарына 30 центнерден де жоғары мол өнім аламыз деп отырмыз. Мен ес білгелі мұндай астық түсімі алғаш рет болғалы тұр. Өнімділікті арттыру үрдісін жалғастыру үшін келесі жылы минералды тыңайтқыштарды енгізуді көбейту қажет. Біз жұмыс істеуге дайынбыз, оған тәжірибеміз бар», — деді кездесуде «Вишневское» ЖШС өкілі Павел Рафальский.

Ал Қуат Карбозов көктемгі егіс жұмыстарына жыл басында емес, күздің аяғынан бастап жеңілдікті қаражат бөлу дейді. Аграрий ақша егіс науқаны басталғаннан әлдеқайда ерте бөлінсе, техниканың қосалқы бөлшектерін арзан бағаға сатып алар едік, деп отыр.

«Бұл тыңайтқыштардың құнын едәуір төмендетеді, оларды фермер ең соңында сатып алады, өйткені оларға қолма-қол ақша қажет. Биыл жеңілдетілген лизингтің арқасында техника паркімізді 40%-ға жаңарттық. Егер жеңілдігі бар несиелер ұзағырақ мерзімге бөлінсе, бұл бізге де қарыздарды асықпай есептеп, несиемізді жабуға көмектесер еді», — деді ол егіс алқабындағы әріптестерінің пікірін жеткізіп.

«Аграрлық несие корпорацияның» басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков көктемгі дала жұмыстарын ерте қаржыландыру үшін нарықтан қаражат тарту мүмкіндігімен жұмыс істеп жатқанын айтты. Қорытынды шешімді үкімет қабылдайды.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин сыйымдылығы 118 мың тонна болатын Тайынша элеваторына барды. Элеваторда 4 астық кептіргіш бар, олардың бір бөлігі сұйытылған газбен жұмыс істейді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі астық кептіргіштер үшін арзандатылған бағамен сұйық отынның қажетті көлемі бөлінгенін және элеваторға жоспарлы түрде берілетіндігін хабарлады.

Тағы оқыңыз: СҚО тұрғындары атом электр станциясын салу бойынша референдумға дайындалуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x