СҚО-да жаз жаңбырлы болады

Солтүстік Қазақстанда жаз жаңбырлы болады.  «Қазгидромет» мамандары әсіресе, шілде-тамыз айларында жауын-шашын нормадан көп түседі деп болжап отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауа райына жасалған болжам туралы «Қазгидромет» РММ облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Левина айтты. Оның мәліметінше, маусым айында  күн райы құбылмалы болады. Кей кездері термометр көрсеткіші түнде +4, +9 жылыға дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндіз +14 градустан +29 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал. Түсетін жауын-шашын нормаға сәйкес болады. Бірақ, шілде-тамыз айлары жаңбырлы болмақ.

«Шілде айында ауа температурасы орташа +19,+20 градус болады. Тамыз айында  +17,+18 градус болмақ. Ал жауын мөлшері шілде-тамыз айларында нормадан көп болады деп күтілуде», – деді спикер.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда темекі қымбаттайды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x