Метапневмовирус Солтүстік Қазақстанға да жетті. Дерт өңірдің төрт тұрғынынан анықталған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың қатарына жататын метапневмовирус өңірімізде де тіркелген. Эпидмаусым басталғалы аталған вирусты төрт адам жұқтырған. Бұл – көптеген елде ондаған жыл бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталған. Сондықан мамандар сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.
«Метапневмовирус ауа тамшылары арқылы тарайды. Сондықтан тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береміз. Адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармаған дұрыс. Әсіресе, созылмалы аурулары бар науқастарға абай болған жөн», — деп хабарлайды СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған дейін жаңа вирус 30 қазақстандықта анықталған болатын.
Тағы оқыңыз: Петропавлда 52 жастағы әйел өз пәтерінің терезесінен құлап, қайтыс болды