СҚО-да тасқыннан зардап шеккен 107 бизнесмен шығындарын өтеуге өтініш жазған

Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге үкімет 10,1 млрд теңге төлеген. Бизнесмендердің мүліктік шығындарын өтеу үшін үкімет резервінен тағы 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді, деп жазады Qazaqstan Media.

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу үшін жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлерден келіп түскен өтінімдерді әлі қарастырып жатыр. Тасқын кезінде мүлкіне залал келген 107 солтүстікқазақстандық кәсіпкер өтінім берген екен.

«Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен. 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтініш берілген. Шамамен, 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді», — деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігі.

Республикада 30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасып жатыр. Олар аяқталғаннан кейін өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.

Тағы оқыңыз: Ғ. Мүсірепов ауданы мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіподағы мерейтойын атап өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x