СҚО-да рерфендум кезінде 300-ге жуық полицей қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады

Солтүстік Қазақстанда 300-ге жуық полицей күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Олар республикалық референдум кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп, жол қозғалысын реттеуге  міндетті, деп жазады Qazaqstan Media.

Тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс режиміне екінші қазаннан кірісті. Облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов республикалық референдумды өткізу кезеңінде күшейтілген кезекшілікке түсуге тиіс полиция күштерін жинады. Полицейлер бұл режимде тоғызыншы қазанға дейін қызмет ететін болады. Бас полицей алдағы күндері тәртіп сақшыларының алдына қойылған міндеттерді жеткізді. Содан кейін ол қызметкерлердің сыртқы келбетін, жабдықтауды, құжаттарды, бейнетіркегіштерді тексерді.

Петропавлда 97 сайлау учаскесіндегі қоғамдық қауіпсіздікті қалалық полиция басқармасы мен облыс ПД-ның 300-ге жуық қызметкері ауысыммен қамтамасыз ететін болады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 44 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x