СҚО-да фермердің астық толы қоймасын өртегендер сотталды

Петропавл қалалық соты «Барс» шаруа-фермерлік қожалығының  қоймасын өртеп жіберген М. Жұмабаев ауданының қос тұрғынына үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға бір жыл бұрын М. Жұмабаев ауданы Золотая Нива аулында болған. Александр Кинцель мен Александр Поздняков «Барс» шаруа-фермерлік қожалығының астық-қабылдау пунктіндегі қоймасын тұқымдық бидайымен өртеп жіберген. Осылайша, шаруа Бари Амоевқа 495 млн теңге шығын келтірді. Бір жылға созылған сот процессі кеше аяқталды.

«Айыпталып отырған қос азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Сот Александр Кинцельдің  жас балаларының барын ескерді. Ал Александр Поздянковпен алдын ала сөз байласып, құқық бұзушылық жасағанын қылмысты ауырлататын мән-жайлар ретінде қабылдап, оны ҚР ҚК 202-бабы 3-бабы (Басқа біреудің мүлкін аса ірі мөлшерде жойғаны және бүлдіргені үшін) бойынша алты жылға бас бостандығынан айырды», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ал Александр Поздняковтың жазасын  жеңілдететін мән-жайларды сот анықтаған жоқ. Оның үстіне айыпталушы өзінің алкогольдік мас күйінде қылмыс жасағанын мойындады. Сондай-ақ сот отырысы барысында оның 2020 жылдың маусымында өзімен бірге тұратын әйелді балғамен ұрып, денсаулығына ауыр зиян келтіргені белгілі болды. Осының барлығын ескеріп сот Александр Поздняковты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартты.

«Александр Поздянков ҚР ҚК 202-бабы 3-бабы (Басқа біреудің мүлкін аса ірі мөлшерде жойғаны және бүлдіргені үшін), сондай-ақ 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін) бойынша жеті жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады. Ал сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: Орыс тілді мектептерде оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсырады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x