1986-1990 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысынан Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға 4,5 мың адам жұмылдырылған. Қазіргі таңда облысымызда олардың 217-сі тұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстанда Чернобыль апаттың зардабын жоюға қатысқан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар жаңа жылдан бастап күшіне енді. Мысалы, алдағы уақытта Алматы-Петропавл теміржол бағыты бойынша ардагерлер тегін қатынай алады. Сонымен қатар коммуналдық қызметтерді төлеу үшін олардың зейнетақысына 2 АЕК мөлшерінде үстемақы қосылатын болды.  

«Қазіргі таңда апатқа қатысқан жігіттеріміз баспанаға ие болып жатыр. Біздің ұйымнан 2 ардагер пәтер алды. Енді тағы 4 адам қалды. Аманшылық болса олар да өз пәтерлеріне қол жеткізеді деп ойлаймыз», -дейді СҚО бойынша «Чернобыль одағы мүгедектері» ҚБ төрағасының орынбасары Ақатжан Арықов.

1986 жылдың 26 сәуірінде Украинадағы Чернобыль атом электрстансасында мыңдаған адамның өмірін қиған алапат апат орын алды. Бұл — дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың бірі. Ол тіпті Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қасіретінен де асып түсті. Апат салдарын жоюға Қазақстаннның өзінен 32 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Солардың қатарында Қуандық Төлегеновте бар. Ол 1986 жылы отан алдындағы борышын Чернобль қаласынан 78 шақырым қашықтықта орналасқан Чернигов қаласында өтеген. Ардагер алғашқылардың бірі болып жарылыстың зардабын жоюға қатысқан.  
СҚО-да Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға жеңілдіктер жасалады

«Біз жарылыс жайлы таңертең естідік. Бірақ оның соншалықты ауқымды екенін түсінбедік. Сарбаз болғандықтан берілген тапсырманы орындадық. Бұл жарылыстың салдарын сол жерге барғанда ғана көрдік. Әскери адамдардың қарасы қалың болды.  Радиция аумағында 5 ай болып, 1987 жылы елге оралдым. 2003 жылдан бастап менің денсаулығым сыр бере бастады», — деді Чернобыльдағы апаттың зардабын жоюға қатысқан Қуандық Төлегенов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x