СҚО-да бір айда 80-нен астам адамды кене шаққан

СҚО-да сәуір айының басынан бастап 82 адамды кене шаққан. Оның 20-сы  он төрт жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы бүгін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сәуірдің 22-сі күні Qazaqstan Media редакциясы бір апта ішінде тоғыз солтүстікқазақстандықты кене шаққандығын жазған болатын. Ал бүгін бұл сан едәуір өскен. Мамандардың айтуынша, бүгіндері адамдарды кене шағуының 82 фактісі тіркелген. Былтыр жалпы 681 адамды кене шаққан. Оның ішінде  14 жасқа дейінгі балалар арасында 195 жағдай тіркелген. Кене шағуынан көптеген жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін.

«Атап айтар болсақ, кене энцефалиті, кене сүзегі, туляремия, кене боррелиоз, геморрагиялық қызба және басқа да жұқпалы аурулар. Мәселен, 2023 жылы кене шағудан пайда болатын энцефалит ауруының өңірде 3 фактісі тіркелген. Ал биыл, әзірге кене энцефалитінің және Лайм боррелиозының жағдайлары тіркелген жоқ», — деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Тағы оқыңыз:Тасқын судан зардап шеккендер коммуналдық төлемдерді кейін төлей алады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x