СҚО-да ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

СҚО полицейлері 19 жастағы жігітті қорқытып, одан ақша бопсалаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.  

Оқиға облыс орталығында 20 тамызға қараған түні болған. Қылмыстық топ 19 жастағы жігітті қорқытып, оны мобильді қосымша арқылы 30 мың теңге несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Кейін ол қаржыны өздері тартып алған. Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 6637 әскери бөлімінің арнайы жасағымен бірлесіп аталған іске қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 20 мен 22 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

«Қазіргі уақытта күдіктілер күзетпен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексі 194-бабының 2-бөлігіне (Қорқытып алу) сәйкес адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған құқық бұзушылық үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Тағы оқыңыз: Қазақстан су тасқынын болжауға 576 млн теңге бөлді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x