СҚО-да ауылшаруашылығы мамандары улы химикаттарды дұрыс сақтамай келген

Солтүстік Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешен субъектілері улы химикаттардың қозғалысы туралы есептерді тапсырмаған. Сондай-ақ оларды уақытында уәкілетті органға жібермеген. Мұны облыс прокурорлары хабарлады, деп жазды Qazaqstan Media тілшісі.

Талдау барысында пестицидтердің қозғалысын нақты есепке алмау, сақтау ережелерін бұзу, субъектілердің фитосанитарлық есеп беруін ұсынбау, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйіне әсер ететін басқа да бұзушылықтар анықталды. «Өсімдіктерді қорғау туралы» заңды бұза отырып, агроөнеркәсіптік кешен инспекциясының бақылауынан тыс 64 кәсіпкерлік субъектілері пестицидтерді сату бойынша іс-шаралар өткізген. Алайда, 2022 жылы инспекция қызметкерлерінің есебінен тыс 2,2 миллион литр пайдаланылған улы химикаттар қалған.

«Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің барлық дерлік субъектілері улы химикаттарды талаптарға сай емес сақтап келген. 400 агроөнеркәсіптік кешен субъектілері улы химикаттардың қозғалысы туралы есептерді тапсырмаған және оларды уақытында уәкілетті органға жібермеген», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметі ұсыған ақпаратта.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жіберілген бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

«Қадағалау органы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне фитосанитарлық есеп беру және улы химикаттарды сақтау талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 403-бабы бойынша әкімшілік айыппұл қарастырылған (51 750-ден 1 725 000 теңгеге дейін) еске салады және соңғыларын қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға шақырады», — деп жазады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облысының тумасы туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x