СҚО-да 193 қызға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина қойылды

Солтүстік Қазақстанда тұмауға қарсы және адам папиллома вирусына қарсы вакцинация науқаны жүріп жатыр. Соңғысы биылдан бастап 11 жастағы қыздарға салына бастады, деп жазады Qazaqstan Media.

Адам папиллома вирусына қарсы қыздарға екпе салу науқаны қыркүйек айында басталған болатын. Ол 11 жастан асқан қыздарға қойылады. Қазіргі кезде өңірімізде 193 оқушы аталмыш екпені қойдыртқан.

«Облысқа жеті мыңнан астам вакицна сатып алынады. Қазір 3600-і жеткізілді. Вакцина екі дозалы.  11 жастағы қыздар алғаш алып отыр. Вакцинация оқушылардың ата-аналарының келісімімен қойылады. Қазір 11 жастағы 193 қыз баласына АПВ қарсы екпе салынды. 12-13 жастағы қыздардың 140-на екпе қойылды. Есеп бойынша 11 жастағы қыздардың саны — 3233, ал 12-13 жас аралығындағы оқушылардың саны — 6440», — деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Сонымен қатар, өңірде тұмауға қарсы да екпе жүргізілуде. Ол үшін ресейлік «Гриппол плюс» дәрісінің 60 мың дозасы алыныпты. Осы күнге дейін ол 6195 адамға қойылған. Оның ішінде 28-і жүкті әйел. Сондай-ақ медициналық мамандар, диспансерлік есепте тұрған балалар, қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері де екпе алғандардың қатарында бар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы айтылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x