СҚО әкімінің өкімімен Айнагүл Сұрағанова облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Айнагүл Сұрағанова 1974 жылы туған. 1999 жылы М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжін, ал 2003 жылы – Солтүстік Қазақстан университетін бітірген. 2016 жылы – Ресей Федерациясының Омск мемлекеттік педагогикалық университетін тәмамдады.
Енбек жолын 1993 жылы қарапайым мұғалім болып бастаған. Кейін Петропавл қаласындағы № 1 кәсіби-техникалық мектебінің қазақ тілі оқытушысы, Аққайың ауданы, Рублевка орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі, директордың орынбасары болған.
Ал 2004-2006 жылдары облыстық білім департаментінің орта білімді үйлестіру және дамыту бөлімінің бас маманы болды.
2006-2012 жылдары Петропавл қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары;
2012-2017 жылдары Петропавл қаласындағы №23 орта мектептің директоры;
2017-2019 жылдары Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы болған.
2019-2022 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып еңбек еткен.
Ал осы тағайындауға дейін Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, осыған дейін облыстық білім бөлімін басқарған Нәзір Жәшібеков бірнеше ай бұрын өз еркімен қызметінен кеткен болатын.
Тағы оқыңыз: Елімізде медсақтандыруға төленетін төлемнің тәртібі өзгерді