Солтүстік Қазақстан облысында теміржол станциясын жөндеп жүрген жұмысшылардың бірі биіктен құлап, мерт болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыста биыл үш теміржол станциясы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Соның бірі Новоишимское ауылындағы теміржол бекеті. 60 жыл жөндеу көрмеген нысан, апатты күйде тұрған. Жоспар бойынша станция толық қайта жаңартылуы тиіс. Алдағы уақытта вокзал ірі теміржол торабы мәртебесіне ие болмақ. Жөндеу жұмыстары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жүзеге асырылуда.
Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру барысында, бір жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиға бірінші маусымда болған. Теміржол станциясында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы биіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған. Қазір тәртіп сақшылары еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Марқұм болған жұмысшы 45 жаста болған.
Тағы оқыңыз: СҚО-да шаруа қожалығының аумағында өрт болды