СҚО-дағы «Черное» көлінде қайғылы оқиға тіркелді. Шілденің 1-і күні мұнда ер адам суға батып кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қайғылы оқиға Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылының маңындағы «Черное» көлінде кеше сағат түнгі 10-дар шамасында тіркелген. Достарымен шомылуға барған 20 жастағы жігіт суға батып кетті.
«Белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен 2003 жылы туған азаматты іздеуге ТЖД 3 қызметкері, 5 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Көмекке бес полицей мен 2 бірлік техника келді. 22-45-те жоғалған адамның денесі табылды, өлім жағдайлары анықталды, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкерлер палатасы жанынан салалық құрылыс кеңесі құрылды