Петропавл қалалық әкімдігінде қазір кадр тапшылығы сезілуде. Әсіресе, есепші-бухгалетерлер керек, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қалалық әкімдікте маман тапшы екенін шаһар басшысы Серік Мұхамедиев те мойындап отыр. Әкімдікте есепші мамандарға бос жұмыс орны көп екен. ТҮКШ бөліміне де қызметкерлер қажет.
«ТҮКШ бөлімінде бос жұмыс орындары көп. Тұрғындарды қалалық әкімдікке жұмыс істеуге шақырамын. Азаматтар өздері бұл жұмыстың қаншалықты жауапты екенін сезінеді. Мамандар жетіспегендіктен жұмысшылардың жүктемесі де артады. Салдарынан қателіктер де орын алады. Бізге бухгалтелер керек. Мемлекеттік сатып алу, құжаттарды тіркеу, ресімдеу барысында қателіктер болады. Біздің барлық құжаттарымыз, жаңағы мемлекеттік сатып алулардың барлығын мүдделі органдар жіті тексереді. Сондықтан, бізге жауапты мамандар керек»,- деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 200 тонна астық ұрлағандар қолға түсті