СҚО мектептері Kundelik.kz бас тартты

Енді облыс мектептері Kundelik.kz қосымшасымен жұмыс істемейтін болды. Оның орнына Bilim Class электрондық журналы енгізілді. Яғни, үй тапсырмалары мен оқушының бағалары осы сайтта көрсетілетін болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының 2024 жылғы 15-ші наурызындағы бұйрығына сәйкес, әдістемелік орталық Bilim Class электрондық журнал  пилоттық жобасын жүзеге асырған болатын. Оны сынақтан өткізу үшін Қызылжар ауданы мен Мамлют ауданының бес мектебі таңдалды.

«Жобаға қатысқан педагогтар Bilim Class электронды журналымен жұмыс істеудің бірқатар оң тұстарын атап өтті. Біріншіден, қосымша тегін, ыңғайлы интерфейс. Сайт қарапайым тілде жазылған. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды, үй тапсырмаларын және бағалауды толтыруды жеңілдетеді. Екіншіден, ата-аналар мен сынып жетекшілері үшін барлық қажетті ақпаратты қарауға мүмкіндік береді. Оның ішінде кез келген оқу кезеңіндегі деректерді, оқу үлгерімі туралы есептерді, үй тапсырмасы бар. Үшіншіден, аналитикалық құралдардың кең спектрін және әртүрлі білім беру платформаларымен интеграцияны ұсынады»,-деп нақтылады білім басқармасының баспаөз қызметі.

Bilim Class сайтынан баға көшірмесін алуға болады.  Kundelik.kz-тен  айырмашылығы, Bilim Class жарнамасыз және ата-аналар мен оқушыларға тегін мобильді қосымша ұсынады. Сондай-ақ ұстаздар үшін әр түрлі біліктілікті арттыру курстарына тегін қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жаңа сайтта бір оқушының бір уақытта екі мектепте тізімге енуіне жол берілмейді. Маңызды артықшылығы-оқушының 11 жылдағы бүкіл оқу тарихын, соның ішінде мектептер мен сыныптар арасындағы аудармалары сақталады.

«2024 жылғы 23 тамыздағы № 953 бұйрықпен Солтүстік Қазақстан облысының барлық мектептерінде Bilim Class платформасын енгізу ресми түрде бекітілді.

2024 жылғы 27-28 тамыз аралығында Bilim Class платформасымен жұмыс істеу үшін облыс педагогтерін оқыту жүргізілді. Ал 2 қыркүйектен бастап облыстың барлық мектептері үшін электрондық журналға қолжетімділік ашылады», — деп нақтылады ведомствода.

Тағы оқыңыз: Явленкада өткен жәрмеңкеге қатысқан мұғалімдер отбасы сүт өнімдерінің онға жуық түрін саудалады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x