СҚО-да экология департаментінің басшысы тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының экология департаментіне жаңа басшы келді. Енді ведомствоға  қостанайлық Талғат Сәбиев басшылық ететін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Талғат Мәлікұлы Сәбиев жаңа қызметке Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен тағайындалды. Жаңа басшыны облыс активіне өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

Талғат Сәбиев Қостанай қаласының тумасы. Ол Қостанай мемлекеттік университетін және осы қаланың Әлеуметтік-техникалық университетін құқықтану және экология мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ол еңбек жолын 1999 жылы «Чернышевский» ЖШС-да заңгер болып бастаған.

2007 – 2013 жылдары Қостанай қаласы әкімінің аппаратында түрлі қызметтерде және Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде жұмыс істепті.  

Осы тағайындауға дейін Қостанай облысы бойынша Экология департаментінде еңбек етті. 2014 жылы бас маманнан бастап, департамент басшысына дейін көтерілген.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық экология департаментін біраз жыл Азамат Бектасов басқарған болатын. Былтыр желтосқан айында ол Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күнде екі отбасы иіс тиіп уланды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x