7 сәуір күні СҚО-да тасқын су салдарынан электр тарату мұнаралары құлап, жеті елді мекен жарықсыз қалған еді. Әзірге, ауылдардың біреуіне ғана электр энергиясы берілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ мамандарының сөзінше, қазіргі уақытта 250-ден астам өңір тұрғыны әлі жарықсыз отыр. Шал ақын ауданда  тасқын су салдарынан 11 электр тарату мұнаралары  зақымданған.

 «Шал ақын ауданында үш ауыл жарықсыз қалып еді. Қазіргі уақытта Жаңажол ауылынан шектеу алынып тасталды. Ол жерге тасымалданатын дизельдік генератор орнатылды. Жаңаталап және Кеңес ауылдары бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада бұл ауыл тұрғындарына да жарық берілетін болады», — деді «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ бас инженері Александр Елисеев.

 Есіл ауданында тасқын су салдарынан Покровка, Алматинский ауылдық округтері жарықсыз қалып еді. Қазір ол жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандардың сөзінше, кешкі 16:00-17:00-де тұрғындарға жарық беріледі.

 «Есіл ауданының Николаевка ауылындағы Береговая ауылын су басқандықтан ол жердегі трансформаторлық қосалқы станция сөндірілді. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жоспарланған. Жарқайың ауылын да су басу қауіпі жоғары болғандықтан елді мекен халқы көшірілді. Сол себепті де, трансформаторлық станцияны қосқан жоқпыз. Жөндеу жұмыстарына 11 адам жұмылдырылған», — деп нақтылады «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы» АҚ бас инженері Александр Елисеев.

 Мамандардың сөзінше, Есіл өзенінің тасуына байланысты жолдарды су басқан. Сол себепті де, электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары қиынға соғып жатқан көрінеді.

 Тағы оқыңыз:«Қызылжар су» ЖШС су тасқынына дайындалып жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x