СҚО-да үздік мектепке 68 млн теңге грант берілді

Петропавл қаласындағы бірінші ІТ-лицей «орта білім берудің үздік ұйымы» болып танылды. Бұл туралы бүгін педагогтардың дәстүрлі тамыз кеңесінде айтылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Жиында өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, үздік мектеп пен ұстаздар марапатталды.

Биыл үздік мектеп атағына Петропавл қаласындағы бірінші ІТ-лицей ие болды. Оқу ордасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов 68 млн теңгенің грантын сыйға тартты. Қаражат облыс бюджетінен қарастырылған.

Айта кету керек, лицей республикадағы «ТОП-100 олимпиадалық мектеп» рейтінгісіне енген. 

«Олар бұл тізімде 12 жыл қатарынан бар. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысының төрт орта білім беру мекемесі үздік 100-тің қатарында. Олар: ЛОРД,  Петропавл қаласының бірінші ІТ-лицейі , Ә. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған гимзания, Білім-инновация лицейі», — деп атап өтті CҚО білім басқармасының жетекшісі Айнагүл Сұрағанова.

Конференция барысында зейнетке шыққан ұстаздарға «Еңбек ардагері медальдары табысталды. Сонымен қатар «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгілері де өз иелерін тапты.

Тағы оқыңыз: Петропавлда ұялы телефон қуаттағышынан өрт шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x