СҚО аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу бекеттерінде 4 ветеринариялық бақылау пункті орнатылған. 2024 жылы аталмыш пунктерде 4629 ет тасымалдау көлігі ветеринариялық тексеруден өтті. Нәтижесінде  58 құқық бұзушылық анықталып, бұл көліктер Ресей Федерациясының аумағына кері қайтарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгін облыстық мәслихатта өткен қоғамдық кеңесте Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл қаласының бөлшек сауда желісі мен базарларында сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелері талқыланды. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының мәліметінше, жыл басынан бері шекара арқылы ет тасымалдамақ болған 33 автокөлік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 1 218 360 теңге көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, облыс аумағындағы бөлшек сауда желісі мен базарларда сатылатын ет және азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын мұқият бақылау мақсатында Vet мониторинг модулі енгізілген.

«СҚО-да төрт ет өңдеу кәсіпорны, 39 мал сою пункті мен 12 құс фабрикасы бар. 106 тауарлы-сүт фермасының өндіріс орындарында қауіпсіздік пен сапаны бақылау бөлімшелері құрылған. 2024 жылы мал еттері мен олардан жасалатын өнімдердің қауіпсіздігін бақылау мақсатында облыста 146 рейд жүргізіліп, 89 заң бұзушылық анықталған. 74 әкімшілік жаза қолданылып, жалпы 3128 970 теңге айыппұл салынды», — деді ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің СҚО бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Оразбек Батырбеков.

Тағы оқыңыз:Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тағы 51 отбасы баспаналы болды

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x