Референдум – ел үшін маңызды мәселелерді бірлесіп шешудің жолы – Ж. Тәжин

Алтыншы қазанда болатын референдумға әр азаматттың қатысуы міндетті. Әсіресе жастар мемлекеттік іске араласып, өз көзқарастарын білдірулері керек. Мұндай пікірді халықтық штаб мүшесі, Петропавл қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин Ж. Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледждің студенттерімен кездесу барысында айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Референдумның өтетіндігін мемлекет басшысы қыркүйек айының басында жариялаған болатын. Содан бері халық арасында оның маңызы туралы айтып, таңдау жасауға шақыратын іс-шаралар ұйымдастырыла бастады. Әсіресе еңбек ұжымдары арасында атом электр станциясының құрылысына қатысты талқылау жүріп жатыр.

«Қазір елімізде ірі кәсіпорындар, зауыттар салынып жатыр. Олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін электр энергиясы қажет. Ал қазір бізде бар энергия көздерінің оған қуаты жетпейтіні анық. Сондықтан болашақты ойлау қажет. Жастарымыз мемлекет үшін маңызды шешімді қабылдауға ат салысулары керек. Ал референдум бұл – ел үшін маңызды мәселені халық болып, бірлесіп шешудің жолы. Осы орайда біз колледж студенттерімен кездесіп, әр адамның таңдауы маңызды екенін айтып жатырмыз», — дейді қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жангелді Тәжин.

Жастар саяси оқиға туралы әрине біледі. Білім ордасында бірнеше жиналыс өткізіліп, сабақ барысында да, бұл мәселе талқыланған. Төртінші курс студенті Аружан Ерғали үшін бұл өміріндегі ең алғашқы маңызды саяси шара.

«Президентіміздің жолдауын барлығымыз бірге тыңдадық. Кейін АЭС құрылысына қатысты мәселе қызу талқыланды. Менің ойымша, әр саналы азамат референдумға қатысып, таңдау жасау керек. Өзім биыл осындай маңызды шараға алғаш рет қатысқалы отырмын. Сондықтан алтыншы қазан күні міндетті түрде учаскіге барып, таңдауымды жасаймын», — дейді колледж студенті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның барлық мектептерінде ата-аналар жиналысы өтеді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x