Кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталған петропавлдық қос блогердің ісі сотта қайта қаралуы мүмкін. Прокурорлар шығарылған үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
7 тамыз күні облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерден ақша бопсалады деп айыпталған блогерлерге қатысты сот үкімі шықты. Алқабилер петропавлдық қос азаматты ақтап шықты. Бірақ прокурорлар бірінші инстанция сотының шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді.
Еске сала кетейік, Сергей Сайко мен Роберт Подласов Magnum Cash & Carry сауда желісінің өңірлік басшылығынан ақша бопсалаған. Олар өз әрекеттерін тоқтату үшін кәсіпкерден 50 млн теңге беруін талап еткен.
Бұған дейін прокурорлар дүкен иесін өлтіріп, қарақшылық жасаған жасөспірімдерді ақтап шыққан алқабилер сотының шешімімен келіспей, шағым түсірген болатын. Енді аталмыш іс сотта қайта қаралмақ.
Тағы оқыңыз: Петропавлда мектеп мұғалімі мен бас есепші айына үш рет жалақы алып отырған