Петропавлда қар тазалау жұмыстарына 150 техника жұмылдырылды

Қыс мезгілі басталғалы Петропавл қаласынан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды. Қазіргі уақытта облыс орталығында қар тазалау жұмыстарына 150 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Көктемгі су тасқыны мәселесін қалалық мәслихатта AMANAТ партиясы фракциясының депутаттары қарады. Қалалық ТҮКШ автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, «Благоустройство Север» және «Грандо» ЖШС қазір «Береке», «Ойқала», «Зайсан», «Жас Өркен», «Заречный» және «Былғары зауыты» аудандарында қар шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал «Солнечный-2» шағын ауданында бұл шаруа аяқталған.

«Ақпанның бірінен бастап «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шаруа 85% аяқталды. Былғары зауыты ауданы мен Ущев көшесінде екі бөгет бар. Табиғи апаттың алдын алу мақсатында жыл сайын инернетті материалдар әзірленеді», — деді Петропавл қалалық ТҮКШ автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Олег Гаврилов.

«Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында көктемгі су тасқаны кезеңінде іске қосылатын 39 бірлік арнайы техника, 39 сорғы мен мотопомпалар бар. Сондай-ақ жақында қалалық ТҮКШ автомобиль жолдары бөлімі партиялықтарға су басу қаупі бар аймақтарда тұрған үйлердің тізімін береді. Кейін депутаттар ағымдағы жағдаймен танысу мақсатында мемлекеттік органмен бірлесіп, үй-үйді аралайтын болады.

Тағы оқыңыз:СҚО-да қай салада мемлекеттік қызметкер тапшы екені белгілі болды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x