Петропавлда 11 қыркүйек күні «Нива» көлігімен Shaolin автобусы соқтығысты. Салдарынан көлік жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы зардап шекті, деп жазады Qazaqstan Media.

Жол көлік оқиғасы күндізгі сағат 12.20 шамасында Петропавлдағы Былғары зауыты ауданының маңында болған. Зардап шеккендер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде олардың жағдайлары жақсы. Амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.

«Аталмыш жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер қажетті сараптама жүргізу үшін материал жинап жатыр. Кейін процессуалдық шешім шығарылатын болады», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО жолдарында «ақылды камералар» іске қосылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *