Петропавлда 43 жастағы ер адам бес қабатты ғимараттың шатырынан секіріп, мерт болды

Петропавлда 43 жастағы ер адам суицид жасады. Ол салынып жатқан бес қабатты нысанның шатырынан секіріп кеткен, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 шілде күні Петропавлдағы Универсальная көшесіндегі салынып жатқан нысандардың бірінде болған. 43 жастағы ер адам бес қабатты ғимараттың шатырынан секіріп кеткен. Ол алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Петропавл қалалық полиция басқармасының тергеушілері 43 жастағы ер адамның өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Халық санағы алдындағы тексеріс»: СҚО-да алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып үй-үйді аралауда 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x