Петропавлдағы өндіріс ошақтарының бірінде 22 жастағы жігіт қаза тапты. Оның үстіне топырақ үйіндісі құлаған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Үшінші маусым күні Петропавлдағы көпсалалы ауруханаға жұмыс кезінде ауыр жарақат алған жігіт жеткізілді. 22 жастағы жұмысшы «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС аумағындағы құрылыс басында зардап шеккен. Ол су құбырын өткізу үшін шұңқыр қазып жатқанда топырақ үйіндісінің астында қалған. Жігіт жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілгенімен, операция барысында көз жұмды.
«Бұл факті «Абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестрінде тіркелді. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал еңбек инспекциясы бұл фактіні тіркегенімен, іспен сот айналысатын болады деп отыр. Себебі, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қызмет көрсету шарты жасалмаған.
«Тапсырыс беруші «МАСЛО-ДЕЛ» ЖШС болағынмен, бас мердіргер ADF COMPANY ЖШС, ал қосалқы медіргер «Грант Строй» ЖШС. Қаза болған жігіт осы серіктестікте жұмыс істеген», — деп нақтылады СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы жетекшісінің орынбасары Азат Көшербаев.
Тағы оқыңыз: Ауылға жұмыс істеуге баратын мамандарға төленетін көтермеақы өседі