Петропавлда қоғам белсенділері, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мемлекеттік орган мамандары Солтүстік Қазақстандағы көші-қон мәселесін талқылады. Пікірталас алаңын Shyaq қоғамдық қоры ұйымдастырды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Соңғы кездері солтүстік өңірде халық саны азайып жатқаны жасырын емес. Әсіресе жастар жағы өзге қалаларға көшуде. Осы мәселені шешу үшін Үкімет 2016 жылы «Еңбек» бағдарламасын қабылданған болатын. Ондағы мақсат халқы тығыз орналасқан өңірлерден жұмыс күші тапшы облыстарға азаматтарды көшіру еді. Сол уақыттан бері облысқа 15 мыңнан астам адам қоныс аударған. Алайда оның екі мыңнан астамы кетіп қалған.
«Біз облыстағы өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу жолдарын жан-жақты қарастырамыз. Мысалы, солтүстікке көш сұрағы. Қазіргі таңда мемлекеттік бағдарлама бар, қолдау бар. Бірақ, өзгеріс шамалы. Жастарға арналған «Серпін» бағдарламасы бар. Бірақ, онымен оқыған студенттердің көбі өз облыстарына кетіп қалады. Себебі – жұмыс дұрыс жолға қойылмаған деп ойлаймыз. Олар ЖОО бітіргесін бірден жұмысқа орналасса, баспана мәселесі шешілсе жақсы болар еді. Оған қоса, логистика жағы қиындау. Оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын әуе қатынасы жоқ. Теміржол арқылы бір ғана пойыз бар», — дейді Shyaq қоғамдық қорырның директоры Рүстем Арманов.
Тағы оқыңыз: Былғары зауыты ауданынан 120 КамАЗ қоқыс шығарылды