Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тасқынынан зардап шеккен Қызылжар ауданындағы Большая Малышка ауылында болды. Өңір жетекшісі үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Большая Малышка ауылында 321 үйді су басқан, оның 66-сі тұруға жарамсыз. Бүгіндері 19 үй сүрілген. Апатты үйлерді бұзу және үйлерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жөндеу жұмыстарын мехбригадалар жүргізуде, ауыл тұрғындары өз күштерімен де үйлерін қалпына келтіріп жатыр. Өңір басшысы үйлерге кіріп, тұрғындармен сөйлесті, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
Сонымен қатар, Большая Малышка ауылында әлеуметтік инфрақұрылым қалпына келтірілуде. Зардап шеккен ауыл мектебіне де күрделі жөндеу жүргізілуде. Облыс әкімі жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмыстарды аяқтауды тапсырды.
Айта кету керек, Большая Малышка «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енгізілген. Мұнда медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданындағы «Серебряный бор» сауықтыру лагері балаларды қабылдауға дайын