16 қазан – дүниежүзілік нан күні

2023 жылдан бері 16-шы қазанда дүниежүзілік нан күні аталып келеді. Бұл мереке халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, нан күні 2006 жылы халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасы бойынша құрылған мереке екен.

«Бұл күннің таңдалуы кездейсоқтық емес: 1945 жылдың 16 қазанында БҰҰ-ның ауылшаруашылық ұйымы мен азық-түлік ұйымы құрылды, ол ауыл шаруашылығын дамытумен және глобалды деңгейде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты проблемалардың шешімінде басты рөл атқарады. 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап дүниежүзілік нан күні Қазақстанда да атап өтіледі. Бұл шешім қазақстандық наубайшылар, ұн тартушылар мен нан пісіретіндердің еңбегіне шынайы құрмет көрсетудің көрінісі болды. Белгіленген мерекелік күн Қазақстанда астық және нан өнімдерінің жоғары стандарттары мен мәртебесін нығайтуға қызмет етеді», — деп жазылған АШМ ресми сайтында.

2024 жылдың қаңтар-маусымында Қазақстан 494,1 млн АҚШ долларына 2,4 млн тонна бидай мен меслин экспорттады. Экспорттың жалпы көлемінен негізгі үлесі Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қытай, Ауғанстанға тиесілі.

Бүгінгі таңда қазақстандық аграршылар 19,2 млн тонна бидай жинады. Ұн тарту саласында жалпы қуаттылығы жылына 9,1 млн тонна астық өндіретін 270-ке жуық кәсіпорын іске қосылды.

Отандық ұн өндірісінің көлемі елдің ішкі тұтынуынан 2 есе дерлік асып түседі және экспорттық жеткізілім көлемі бойынша әлемде жетекші орынға ие 2024 жылдың 8 айында 2 миллион тоннадан астам ұн өндірілді. 8 айда 329 мың тонна нан өндірілді.

Тағы оқыңыз: М. Жұмабаев ауданындағы жолдардың 79 % жақсы деңгейде

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x