Солтүстік Қазақстанда құтқарушылар екі өртті ауыздықтады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады Qazaqstan Media.
Көліктен өрт шығу фактісі Қызылжар ауданының Бескөл ауылында тіркелді. Жастар көшесіндегі үйлердің бірінде Mitsubishi Space Wagon маркалы жеңіл көлік жана бастаған. Дер кезінде жеткен құтқарушылар отты ауыздықтап үлгерді.
Өрттің салдарынан көліктің қозғалтқыш бөлігі зақымдалды. Мамандардың айтуынша, қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы оттың шығуына себеп болған.
Сонымен қатар өрт сөндірушілер оттан екі адамды аман алып қалды. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы үйлердің бірінен түтін шыққанын көршісі байқайды. Ол үй иесіне қоңырау шалып хабарлайды. Үй иесі бірден құтқарушыларды шақырған.
«Жедел келген өрт сөндірушілер 1951 жылы туған үйдің қожайыны мен 43 жастағы қызын құтқарып қалды. Олар 2 шаршы метр алаңдағы отты сөндірді»,-деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды