Биыл облыс орталығында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше форматта өтетін болды. Мерекеде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырлады, жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Мерекенің ерекше форматта өтетіндігін Петропавл қалалық әкімдігі әлеуметтік желілерде жариялады. Бұл шешім Петропавл қаласында сәуір айының төртінен енгізілген ТЖ режиміне және су тасқынына байланысты қабылданып отыр.
«Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен мереке бірлік пен еңбек атмосферасында өтеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1 мамырда жалпықалалық сенбілік өткізіледі. Қалалықтарды өз аулаларын тазалауға шақырамыз. Сондай-ақ, су басқан аудандарды тазарту өткізіледі», — деп жазылған хабарландыруда.
Тағы оқыңыз: Петропавлда кішкентай қыздарға тиісіп, әуерет жерін көрсеткен ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты