СҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың 20 % жөндеуді қажет етеді

Облыстағы республикалық маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға, жөндеуге бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлініпті. Оның ішінде күрделі жөндеуге 3,1 млрд теңге қаражат жұмсалмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында респбуликалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1970 шақырымды құрайды. Оның 80 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда екен. Биыл жолдарды күтіп ұстау үшін және жөндеуге деп қазынадан 18 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның ішінде 5,2 млрд теңгесі жолды қайта жаңартуға, 3,1 млрд теңгесі – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, 6,4 млрд теңгесі – орташа жөндеуге, қалған 2,9 млрд теңгесі күтіп ұстауға жұмсалмақ.

«Жолды жөндеуге, қайта жаңартуға қатысты ірі жобалардың бірі – Мамлютка мен Ресейдің Қорған қаласына дейінгі шекарасы. Жобаны уақытында аяқтау үшін 2024 жылы 6,4 млрд теңге керек. Ол – 30,2 шақырымды құрайды. «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ Омбы» қаласына дейінгі шекарасындағы жолды күрделі жөндеу үшін жалпы үш млрд теңге бөлінді. Бұл жерде екі мердігер компания жұмыс істейтін болады», — деді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ СҚОФ  директорының орынбасары Қанат Өсербаев.

Ал орташа жөндеу жұмыстары биыл облыстың 118 шақырым жолында жүргізіледі. Жоспар бойынша  Тайынша, Аққайың, М. Жұмабаев, Есіл, Мамлют және Жамбыл аудандарының жолдары дұрысталады.  Оның ішінде «Булаево-Рощинск» арасындағы жол, «Мамлютка-Қостанай» бағытындағы, «Жезқазған-Петропавл» бағытындағы жолдың Есіл ауданына тиесілі аумағы жөнделеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жыл басталғалы сотталғандар 856 рет тәртіп бұзған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x